Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевті ҚР Тәуелсіздігі күнімен құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық мейрам – Тәуелсіздік күнімен құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ресей Президентінің сайты.

Ресей мемлекет басшысы Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық және басқа салалардағы жетістіктеріне жоғары бағасын беріп, сондай-ақ елдің әлемдік аренадағы жоғары абыройын атап өтті.

«Біздің мемлекеттеріміздің арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келеді. Түрлі бағыттардағы екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ ЕурАзЭО, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ, БҰҰ сияқты құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастық жемісін беріп жатыр», - деп атап өтті құттықтауында Ресей президенті.

В.Путин екі ел халықтарының игілігі және еуразиялық құрлықтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесі үшін қазақстандық-ресейлік конструктивті байланысы одан әрі нығая түсетініне сенімін білдірді.


Соңғы жаңалықтар