Владимир Путин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау жолдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресей Президенті Владимир Путин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Президентінің алғашқы жалпыхалықтық сайлауындағы жеңісінің 30 жылдығымен құттықтап, жеделхат жолдады. Жеделхат мәтіні Кремль сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазақстан Республикасы Президентінің бірінші жалпыхалықтық сайлауындағы жеңісіңіздің 30 жылдығына – атаулы датаға орай шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз. Сіздің мемлекет басшысы болған жылдарыңыз қазіргі заманғы қазақстандық мемлекеттік қалыптасу кезеңіне айналды. Сіздің басшылығыңызбен республика экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық және басқа да салаларда тамаша жетістіктерге қол жеткізді. Әлемдік аренада жоғары беделге ие болды. Сіздің ресейлік-қазақстандық стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынасты қалыптастыруға әрі дамытуға, сонымен қатар посткеңестік кеңістіктегі өзара тиімді интеграциялық процесстерді, ЕуразЭС, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ және өзге де көпжақты құрылымдар аясындағы сындарлы ынтымақтастықты жолға қоюға қосқан жеке үлесіңізді бағалау өте қиын. Сіздің бойыңыздағы мемлекет қайраткерінің мол тәжірибесі, жан-жақты білім, саяси даналық пен көрегенділік Қазақстанға да, халықаралық істерде алдағы уақытта да қажет бола беретіндігіне күмән келтірмеймін. Біздің адал қарым-қатынасымызды шынайы бағалаймын және достық байланысымыздың жалғасатындығына сенемін. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт, жан сергектігі мен табыстар тілеймін! Құрметпен, Владимир Путин», - делінген жеделхатта.


Соңғы жаңалықтар