Владимир Путин АӨСШК аясында террористермен күресті күшейтуге шақырды

None
None
ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - РФ президенті Владимир Путин АӨСШК елдерін террористік топтарды анықтау мен жою бойынша ынтымақтастықты арттыруға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ресей Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа қатысты ауқымды істерді жүзеге асыру бойынша АӨСШК барлық елдерімен өзара әрекеттістікті дамытуға ниетті. Азиядағы тең, ортақ әрі біртұтас қауіпсіздікті құруда бірлескен күш-жігерді арттыруды қолдаймыз. Өзара сенім, тату көршілік, ішкі істерге араласпау сынды халықаралық құқық пен БҰҰ ұстанымдарына негізделген жүйелерді ұстанамыз», - деді Владимир Путин Душанбеде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі саммитінің ашылуында.

Ресей президенті Азиядағы тұрақтылыққа шиеленісті жағдайларды реттеу мен террористік сын-қатерге жүйелі түрде қарсы тұру арқылы ғана қол жеткізуге болатынын атап өтті.

«Ол үшін террористік топтарды анықтау мен жою, олардың қаржыландыруын, әсіресе есірткі арқылы қаржы табуына жол бермеу бойынша ынтымақтастықты арттырған жөн. Лаңкестерді химиялық, биологиялық немесе жаппай қыратын өзге де қару түрлеріне жібермеуіміз қажет», - деді Владимир Путин.

Соңғы жаңалықтар