Владимир Кличконы Жерорта теңізінде отқа оранған яxтадан құтқарып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Испания жағалау күзеті украиндық боксшы Владимир Кличко мен оның отбасын Жерорта теңізінде өртке оранған яхтадан құтқарып алды. Бұл туралы сейсенбі күні Германияның DPA агенттігі xабарлады.

Шағын кемедегі өрт Ибица аралынан Мальоркаға қарай жүзіп бара жатқан кезде, жағалаудан 11 шақырым жерде шыққан.

Мальорка өрт сөндіру қызметі жағдайды өз бақылауына алды. Агенттік атап өткендей, өрт яхтаның машиналық бөлігінен шыққан. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар