Владимир Божко жаңа қызметке тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Владимир Божко Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталығы штабында жаңа лауазымға тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылғы 1 маусымнан бастап Владимир Божко Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы (КӘАҚҚ РОШ) Бақылау кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды», - деп хабарлады КӘАҚҚ РОШ баспасөз қызметінен.

Владимир Божко 1971 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 1976 жылы КСРО МҚК жоғары курстарын бітірген. Білімі бойынша мамандығы «тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру»; «жедел құрам».

Бұрын әр жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүйесінде басшылық қызметтерді атқарған. Генерал-лейтенант атағы бар.

2007-2014 жылдары Владимир Божко Төтенше жағдайлар министрлігін басқарды, ал 2016 жылы Мәжіліс Төрағасының орынбасары болып сайланды.

Отан алдындағы ерекше еңбегі үшін І дәрежелі «Барыс», ІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, КСРО, Қазақстан Республикасы мен шет елдердің 43 медалімен марапатталған.


Соңғы жаңалықтар