Владимир Беккер құтқарушылардың ауыр жұмысы туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер құтқарушылардың ауыр жұмысы туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір су тасқыны мәселесі бітпей жатып, табиғи өрт проблемасы басталып жатыр. Мысалы, күні кеше ғана бір тәуліктің ішінде екі дала өрті болды. Павлодар облысында 250 гектар жер жанып кетсе, Шығыс Қазақстан облысында Бесқарағай ауданында 200 гектар өрттенді. Былайша айтқанда, төтеше жағдайдың бір түрінен екіншісіне көшіп жатырмыз. Қыста боранмен күресіп, жолда тұрып қалған адамдарды құтқарамыз. Ал жазда мамыр айында сел жүру қаупі басталады. Сондықтан қу қусырып отыратын уақыт жоқ», - деді В.Беккер Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, бүгінде «Иә, дауылды ескерту әлі де бар. Мен бүгін ғана Қарағанды, Солүстік Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарымен сөйлестім. Барлығында жауын-шашын болды. Түркістан облысы бойынша да дауылды ескерту бар. Таулы жерлерде жауын-шашын болады дейді. Соның бәрі өзен-сулардың деңгейін көтеріп жібреуі мүмкін. Сондықтан әзірше жағдай тұрақталды деуге болмайды. Меніңше, келесі апта ойдағыдай өтсе, бәрі дұрыс болады. Қатты жаңбыр жаумаса болды», - деп атап көрсетті В.Беккер.

Айта кетейік, бүгінгі брифингте комитет басшысы Ақмола облысында Жабай мен Колутон өзендерінің суы күрт көтерілгенін мәлімдеді. Ал Солтүстік Қазақстан облысында екі ауылдың тұрғындары өз үйлеріне қайта бастады. В.Беккердің сөзіне қарағанда, Қарағанды облысы бойынша су тасқынының ең қауіпті кезеңі артта қалды. Бұдан бөлек, ол Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар жолдың судан бұзылуына себеп болған мәселені атады.

Соңғы жаңалықтар