«ВКонтакте» желісіндегі алматылықтардың наразылығын тудырған топ жұмыс істемей тұр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ВКонтакте әлеуметтік желісінде ата-аналардың наразылығын тудырған «Уроды города Алматы» тобы жұмыс істемей тұр. Бұл туралы хабарлама желінің парақшасында жарияланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сонымен қатар, аккаунтта алдында жарияланған барлық ақпарат, пікірлер, суреттер толығымен жойылған.

Алайда, қоғам наразылығын тудырып отырған осыған ұқсас «Отбросы этого поколения Алматы» тобы әлі жұмыс істеп тұр. Топтағы соңғы жазбасында топтың әкімшілері парақшадағы ата-аналардың топтан шығуына көз жеткізуін сұраған.
null 

Айта кету керек, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «ВКонтакте» желісіндегі бұл топтардың жұмысын тексеріп жатыр. «Бұл топтардың контенті сараптамаға тексеруге алынды. Егер сараптама топ жұмысынан заңға қайшылық тапса, онда бұл ресурстарға тыйым салынады», - деді министрліктен.
null 

Соңғы жаңалықтар