Виза алудың автоматтандырылған жүйесі 2015 жылдан бастап жүзеге аса бастайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Виза алудың жаңа жүйесі 2015 жылдан бастап іске қосылады. Жаңа жүйе IT технологиясы арқылы құжат алуға мүмкіндік береді.

Бұл туралы Abacus «Корпоративтік саяхат» халықаралық конференциясында Қазақстан туристік қауымдастығының президенті Роза Асанбаева мәлім етті.

«Қазір визалық іс-шараларды алу үдерісін автоматтандыру жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Сөйтіп, көші-қон тіркеуінен бас тартамыз. 2015 жылдың соңына қарай ҚР Үкіметі IT-технологияларды пайдалана отырып, 24 сағат ішінде электронды виза алуға мүмкіндік беретін, әрі миграциялық тіркеуді қажет етпейтін жаңа жүйе құратын болады», - деді Р.Асанбаева.

Ол сондай-ақ ҚР Парламентінде арнайы жеңілдік пен 3 ай мерзімге уақытша салықтан босату мүмкіндігі берілетін туристік зоналарды қалыптастыру туралы заң жобасы жасалып жатқанын айтты.

«Сонымен қатар депутаттар әлеуметтік туристік сертификаттар жасау мәселесін де талқылап жатыр. Олар әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұлғаларды ұзақ мерзімге қаржыландыруға бағытталған. Айталық, 50 мың теңгелік сертификаттарды кез-келген кәсіпорын сатып ала алады», - деді Р.Асанбаева.

Соңғы жаңалықтар