«Visit Aqmola» дүниежүзілік туристік ұйымның еншілес қатысушысы болады

None
None
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - Мадрид қаласында ЮНВТО дүниежүзілік туристік қауымдастығының штаб пәтерінде Ақмола облысының делегациясы дүниежүзілік туристік ұйымның директоратымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуде ЮНВТО  бағдарламалар жəне үйлестіру жөніндегі атқарушы директоры Золтан Шомогумен Ақмола облысы жəне Халықаралық туристік ұйымның арасында туристерді есепке алу статистикасы, отелдерді стандарттау жəне сапасын бақылау, туристік сала өкілдерінің біліктілігін арттыру бағытында əріптестік орнатуда келісімге қол жеткізілді.

Келіссөздер нәтижесінде ЮНВТО еншілес қатысушылардың бағдарлама директоры Йоландо Пердома, "Visit Aqmola" Ақмола облысының туристік ақпараттық орталығы ақмолалықтарға ЮНВТО еншілес қатысушы санатын беру процедураларын бастады.

Аталған санат "Visit Aqmola" Ақмола облысының туристік ақпараттық орталығына ұйымның бастауымен өткен барлық форумдар мен шараларға қатысуына мүмкіндік береді.
 
Дүниежүзілік туристік ұйымның құрамына 158 ел, 6 аумақ және 500-ге тарта жеке сектор кәсіпорындарының, оқу орындарының, туристік қауымдастықтар мен жергілікті туристік әкімшіліктердің мүдделерін білдіретін  қауымдасқан мүшелер кіреді.

null 

Соңғы жаңалықтар