Visa Everywhere Initiative АХҚО-мен әріптестікте ірі бағдарламасын іске қоспақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен Visa Қазақстандағы және Орталық Азия елдеріндегі финтех инновацияларды дамыту бойынша АХҚО-мен әріптестікте Visa Everywhere Initiative атты ең ірі өңірлік бағдарламасын іске қосуға келісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бағдарламаның серіктестері: Alfa Bank, Beeline, Centras Insurance, Halyk Bank, Home Bank Credit, Wooppay, Forte Bank, KMF, KPMG, Zaman Bank, Kazpost, Al Hilal Bank.

Бағдарламаның мақсаты қаржы саласындағы инновациялық жобаларды дамыту, жігерлі және дәлелді мамандарды іздеу, сондай-ақ жаңа қаржы сервистерін бірлесіп іске қосуға көмек көрсету болып табылады.

«Visa төлем нарығының әр түрлі сегменттеріндегі жаһандық көшбасшы болып табылады, сондықтан да біздің өңірде АХҚО мен Visa күштерін біріктіру заңдылық. Біздің бірлескен күш-жігеріміз өңірде қаржылық экожүйенің дамуын қамтамасыз етеді және АХҚО Орталық Азиядағы негізгі ФинТех түйініне айналатынына ықпал етеді. Visa-мен кең әріптестіктің арқасында біз өңірдегі қаржы-компанияларға бизнесті бастау және серпінді дамыту үшін бірегей шарттар мен мүмкіндіктерді ұсына аламыз. Бұл ірі қаржы ойыншыларына да, финтех-стартаптарға да қатысты», - деді АХҚО-ның даму бойынша Директоры Қайрат Қалиев.

«Біз 2017 жылғы қыркүйекте АХҚО-мен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойдық. Бұл біздің Қазақстан мен Орталық Азиядағы финтех-экожүйені бірлесіп дамыту жөніндегі ынтымақтастығымыздың басты нүктесі болды. Бүгін біз серіктестік аясын кеңейтуге және АХҚО-мен әріптестікте Visa Everywhere Initiative іске қосуға қуаныштымыз. Бұл бағдарлама клиенттер мен серіктестердің тәжірибесін жақсартуға көмектесетін нарық үшін өзекті қаржы-шешімдерді анықтауға және қолдауға бағытталған. Мен Visa әлемдік тәжірибесін және АХҚО жергілікті тәжірибесін біріктіру Орталық Азия қаржы саласының дамуына алып келетініне сенімдімін», - деді ТМД және Оңтүстік Шығыс Еуропа елдеріндегі Visa компаниясының аға Вице-президенті және аймақтық бөлімшесінің директоры Вера Платонова.

Жаңа бастаған және қалыптасқан кәсіпкерлер, корпорация қызметкерлері, бағдарламашылар, мобильді қосымшаларды әзірлеушілер, дизайнерлер, интерфейстерді жобалаушылар, сондай-ақ перспективалы өнімді құру идеясы бар барлық қатысушылар клиенттер мен серіктестермен ынтымақтастық, байқаудың серіктес компанияларының сарапшыларынан менторлық қолдауға қол жеткізу мүмкіндігі үшін жарыса алады.

Visa Everywhere Initiative in association with AIFC байқауына қатысуға өтінімдер 2019 жылғы 13 наурыздан 30 сәуірге дейін қабылданады. Байқаудың финалы 2019 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында Astana Finance Days форумы аясында өтеді. Жеңімпаздарды іріктеу кезінде ұсынылған бағыттар мен клиенттік тәжірибе үшін шешімнің бірегейлігі, қазіргі мүмкіндіктерді ескере отырып, жобалардың іске асырылуы және нарықтың үлкен бөлігіне ауқымдылығы басты критерийлерге айналады.

Бағдарлама туралы толық ақпаратты алуға, сондай-ақ қатысуға өтінім беру https://fintech.aifc.kz/everywhere-initiative сілтеме арқылы болады.

АХҚО. 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте алғаш рет ағылшын құқығы қағидаттары енгізілді, қаржы орталығының ресми тілі ағылшын тілі.

АХҚО-ның міндеттері қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. Сондай-ақ, АХҚО елде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниетті.

Visa Everywhere Initiative- жергілікті нарықтардың міндеттерін шешуге және жаңа тұтыну өнімдері мен сервистерді құруға көмектесетін инновациялар мен бизнес-жобаларды жылжыту мақсатында стартаптарды қолдау жөніндегі Visa ғаламдық бағдарламасы. Бағдарлама алғаш рет 2015 жылы АҚШ-та іске қосылды, қазіргі уақытта 1000 стартап жиынтығында $1,7 млрд қаржыландыруды тартты. Олардың 60-ы финалға шығып, 14-і жеңімпаз атанды.

Visa Inc. (NYSE: V) сандық төлемдер саласында әлемдік көшбасшы болып табылады. Visa Inc Миссиясы. - барынша инновациялық, сенімді және қауіпсіз төлем желісі арқылы әлемді біріктіру, бұл тұтынушыларға, бизнеске және экономикаға жалпы жоспарлы түрде дамуға мүмкіндік береді. VisaNet жаңа жаһандық технологиялық желісі бүкіл әлем бойынша сенімді және қауіпсіз төлемдерді қамтамасыз етеді және секундына 65 000 транзакцияны өңдей алады. Visa компаниясы инновацияларға үлкен көңіл бөледі, бұл "connected commerce" жылдам өсудің катализаторы болып табылады. Оның жағдайында кез келген қосылған құрылғы төлемдерді жүзеге асыруға қабілетті және осылайша болашаққа қолма қол ақшасыз - барлық және барлық жерде көшуді жақындатады. Аналогтық технологиялардан сандық технологияларға өту кезінде Visa өзінің брендін, өнімдерін, сарапшыларын, желісін және ауқымын коммерцияны трансформациялау үшін пайдаланады.

Соңғы жаңалықтар