+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Вирусты саясиландыруды тоқтату керек – ДДСҰ

2020 жылғы 10 сәуір 14:54
Бөлісіңіз:
Вирусты саясиландыруды тоқтату керек – ДДСҰ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус ДДСҰ жұмысын қорғап, Covid-19-ды саясиландыруды тоқтату керек екенін айтты, деп жазады ВВС.

Ұқсас жаңалықтар
Украинада коронавирус жұқтырғандар саны 700 мыңнан асты

Басылымның хабарлауынша, әсіресе, АҚШ президенті Дональд Трамп тарапынан агенттікке қарсы пікір жиі айтылып жүр. Сонымен қатар Трамп БҰҰ үшін америкалық қаржыландыруды тоқтататынын мәлімдеген болатын.

Тедрос Адханом өз сөзінде вирусты саясиландыруды доғарып, әлем елдерін ынтымақтастық танытуға шақырды.

«Бұған дейін Трамп ДДСҰ әрекеттері Қытайды қолдауға бағытталғанын айтып мін тақты. Ал ДДСҰ басшысы ұйымның барлық ұлттарға жақын екенін айтты», - деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, сәрсенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео ДДСҰ-на қаржыландыру көзін әкімшілік қайта қарастырып жатқанын, ұйым өз міндеттерін дұрыс орындауы керек екенін айтқан.

«Covid-19 алғаш рет Ухань қаласында пайда болды. ДДСҰ басшысы ұйымның Қытаймен вирус табиғатын түсіну үшін ғана тығыз байланыста болғанын айтты. Тедрос өз сөзінде мемлекеттер арасында бірлік болуы керектігін айтып, Covid-ті саяси көзқараста пайдаланбауға шақырды», - деп жазады басылым.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT