Вирусқа қарсы препараттарды көп мөлшерде сатып алудың қажеті жоқ - ғалым

АЛMATЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Қоғамдық кеңестің онлайн отырысы барысында Ұлттық сараптама орталығының директоры Арнұр Нұртаев тұрғындарды өзін-өзі емдемеуге және дәріханаға бармауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мысалы, дене қызуы сәл ғана көтерілген адам дереу антибиотик сатып алуға тырысады. Іс жүзінде, вирустық пневмонияға антибиотик көмектеспейді, ол тиімсіз, өйткені антибиотиктер бактерияларға әсер етеді, бірақ вирустарға емес. Бактерияға қарсы препараттарды қабылдау арқылы Сіз иммунитетіңізді әлсіретесіз», - деп түсіндірді А.Нұртаев.
Отырыс барысында, медицина ғылымдарының кандидаты Рафаиль Қыпшақбаев вирусқа қарсы препараттарды көп мөлшерде сатып алмауға шақырды.
«Дәріханалардағы бағаның өсуіне өзіміз кінәліміз. Оны өзіміз қолдан жасаймыз. Адамдар дәріханаларға барып, вирусқа қарсы дәрі-дәрмектерді көптеп сатып алып жатыр. Есіңізде болсын, COVID-19 дәріханалардағы дәрілер көмектеспейді. Оларды сатып алудың қажеті жоқ. Әлемде коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі әлі табылған жоқ», - деп түсіндірді доцент.
Өз кезегінде «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Берік Шәріпов дәріханалардағы кейбір дәрі-дәрмектердің бағасының өсуіне байланысты жағдайды түсіндірді.
«Жекеменшік дәріханаларда вирусқа қарсы дәрілер жоқ деген сауалдар туындап жатыр. Біз жекеменшік дәріханаларға жауап бермейміз. Олар өз бетінше жұмыс істейді. Алайда, Денсаулық сақтау министрлігінде бағаны өсірмеу туралы бұйрық бар. Мысалы, бүгін бағасы 10 теңге болған дәріні, ертең 1000 теңгеден сатуға болмайды. Дәріханалар сатуға болатын шекті бағадан аспауы тиіс. Егер дәріхана осындай қадамдарға барса, онда олар ережені бұзады. Тиісінше, кез-келген азамат заңсыз әрекеттер туралы шағымдана алады»,- деп түсіндірді ол.
- Ақмола облысында карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулы шықты
- Ақтөбелік оқушы вирустан қорғайтын «ақылды маска» ойлап тапты
- Қарқаралыда дәрігерлер пәтер алды
- Павлодар облысында қалааралық және ауданаралық бағытта жолаушыларды тасымалдау тоқтатылады
-
Манар Смағұл: Вакцинаның шығарылуы – қауіпті індеттің алдын алуға қол жеткізу
-
Маска режимін жиі бұзатын өңірлер анықталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам