VIP-нөмірден бюджетке түсуі тиіс ақша қайда – Жамаубаев жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев көліктерге арналған VIP-нөмерлерді сату қаржысының бір бөлігінің бюджетке түспей қалу оқиғасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдері тек қана жоғары сұраныстағы нөмірлерді сатудан Шымкентте 44 млн теңге қаржы бюджетке түспеу оқиғасына байланысты сауал қойған болатын.

«Шындап келгенде бұл біз үшін де өте маңызды мәселе. Өкінішке орай қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондықтан тергеу мүддесіне орай, яғни ақпаратты бұрмаламау үшін барлық тергеу іс-шараларын жүргізу аяқталғаннан кейін ғана толыққанды береміз», - деп жауап берді министр.

Сонымен қатар ол барлық мән-жай тергеу барысында анықталатындығын баса айтты.

«Содан кейін біз әр факті бойынша жеке-жеке ақпарат береміз. Әзірше ешқандай пікір білдіре алмаймын», - деді Ерұлан Жамаубаев.


Соңғы жаңалықтар