Вильнюсте қазақ ертегілері литва тілінде шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Литвадағы Қазақстан Елшілігі «Рухани жанғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаланың басты қағидаларын іске асыру аясында литва тілінде қазақ ертегілерінің жинағын баспадан шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Енді жануарлар айтысы, қарлығаш пен Қаңбақ шал туралы аңыздар, Алдар көсенің қылықтары мен қазақ ертегілерінің басқа да танымал кейіпкерлері туралы шытырман оқиғалар кішкентай литвалық оқырмандар мен олардың ата-аналары үшін қол жетімді болады.

Кітаптің алғашқы даналары мен Рождество мерекесіне орайластырылған сыйлықтар Вильнюс қалалық емханасының Педиатрия орталығында ем алып жатқан балаларға сыйға берілді.
null 

Балаларды кітаппен таныстыра отырып, Қазақстан Республикасының Литвадағы Елшісі Виктор Темірбаев еліміз туралы қызықты фактілерге тоқталып өтті. Атап айтқанда, Елші алма мен қызғалдақтың әлемге қазіргі Қазақстан аумағынан тарағаны мен алғаш рет жылқыны Ұлы дала көшпенділері қолға үйреткені туралы әңгімелеп берді.  
null  

Литвалық балдырғандардың бірнеше буыны бағдарламаларын көріп өскен танымал теле және радио диктор Бернадета Лукошюте Педиатрия орталығының жас сырқаттарына қазақ ұлттық ертегілерінің кейіпкерлері туралы бірнеше ертегі оқып берді. Осы ретте айта кетері, қазақ ертегілері бүлдіршіндерге арналған литвалық радиода эфирге беріледі деп күтілуде. 

Жақын күндері, қазақ ертегілерінің жинағының жүздеген данасы Литва кітапханалары мен мектептеріне таратылады.
null 

Сонымен қатар, кітаппен 2019 жылы ақпанда өтетін «Vilnius Book Fair» кітап жәрмеңкесінде танысуға болады. Бұл жерде, жинақтың ресми тұсаукесері де өтеді.

Соңғы жаңалықтар