Виктория Зябкина Грекиядағы халықаралық жарыста күміс жүлде иеленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздегі ең үздік спринтерлердің бірі Виктория Зябкина Грекияда өткен Chania Invitational сайысында 200 метрге жүгіруде екінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.

25 жастағы желаяқ биылғы жылы Altay athletics клубының мүшелігіне өткен болатын. Шығыс Қазақстан облысында құрылған кәсіби жеңіл атлетика клубы спортшыларды халықаралық жарыстарға қатыстыруды жалғастырып жатыр.

Зябкина алдағы күндері тағы екі сайыста өнер көрсетеді: 9 маусым күні - Kalamata Invitational; 13 маусымда - Filathei Gala Athens.

Бұдан кейін қазақстандық спринтер Швейцарияға аттанады. 16 маусымда Берн қаласында өтетін халықаралық жарысқа қатысады.

Виктория осының алдында Латвия астанасындағы Рига кубогында екі қашықтық бойынша бақ сынап, қос күміс жүлдеге ие болған. Алдымен 100 метрді 11,36 секундта жүгіріп өтсе, 200 метрді 23,37 секундта бағындырған. Грекиядағы Chania Invitational турнирінде 200 метрдегі нәтижесі 0,2 секундқа жақсартып, желаяқ мәреге 23,35 секундта жетті.

Соңғы жаңалықтар