Виктор Ионенко Рудный қаласына әкім болды

None
Фото: gov.kz
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімі және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Рудный қаласының әкімі қызметіне Виктор Николаевич Ионенко тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметінен мәлімдегендей, Виктор Ионенко 1970 жылы туған.

1992 жылы Қостанай ауылшаруашылық институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша тамамдаған.

2010 жылдан 2020 жылға дейін – Денисов, Меңдіқара, Қарасу аудандарының әкімі қызметтерін атқарған.

2020 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың шілдесіне дейін Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып еңбек еткен.

Қоса кетсек, бүгін Асланбек Сарқұлов - Батыс Қазақстан облысындағы Казталов ауданының әкімі, ал Алпамыс Көшкінбаев - Жаңақала ауданының басшысы болып тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар