VII діндер съезінің декларациясы БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясының ресми құжаты ретінде таратылады

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің декларациясы БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясының ресми құжаты ретінде таратылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы декларация мәтінінде айтылған.

«Осы Декларацияны Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі делегаттарының көпшілігінің қолдауымен қабылданды, бүкіл әлемдегі билікке, саяси көшбасшыларға, дін қайраткерлеріне, тиісті өңірлік және халықаралық ұйымдарға, азаматтық қоғам институттарына, діни бірлестіктер мен жетекші сарапшыларға беріледі. Сондай-ақ ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясының ресми құжаты ретінде таратылады», - деп жазылған құжат мәтінінде.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, дін көшбасшыларының VIIІ съезі де Қазақстанда өтетін болды.



Соңғы жаңалықтар