«Видеоны желіге таратамын»: Ақтөбе тұрғынын бопсалағандар ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде қала тұрғынын бопсалап жүрген екі тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

8 қазан күні Ақтөбе облыстық Полиция департаментіне қала тұрғыны шағым түсірген. Оның айтуынша, белгісіз адам 1 қазаннан бастап жеке басқа қатысты видеоны әлеуметтік желіге тарататынын айтып, қорқытқан. Солай, ақша бопсалап, 700 мың теңге талап еткен.

«12 қазан күні облыстық Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы және арнайы жасақ 600 мың теңге алып жатқан жерінен екі күдіктіні ұстады. Оның бірі Темір ауданының, екіншісі Ақтөбе қаласының тумасы. Оқиға орнынан заттай айғақ ретінде 600 мың теңге мен бейнематериал алынды. Күдіктілер «ешқайда кетпеу» туралы қолхатпен жіберілді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «Қорқытып алу» бабы бойынша із қозғалды.

Соңғы жаңалықтар