+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Видеоблогерлер арасындағы байқау мәресіне жетті

2019 жылғы 25 тамыз 22:00
Бөлісіңіз:
Видеоблогерлер арасындағы байқау мәресіне жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстанды таны» халықаралық блогерлер форумының екінші күнінде «Мен Қазақстаннанмын» атты видеоблогерлер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Бірінші орынды Дидар Мұратов (Алакөл туралы видео) иеленді, сыйақы көлемі - 1 миллион теңге. 2-орын және 500 000 теңгені Дмитрий Москаленко (Ақ Бауыр петроглифтері туралы видео) жеңіп алды. 3-орын және 200 000 теңгені Алдияр Байрақымов (Көк Жайлау туралы видео) иеленді. «Авиата» компаниясының арнайы номинациясын Жасұлан Бақытжанов (Алматы туралы видео) алды. «Sevens» ауыз суының арнайы сыйлығы Аида Тастеміроваға (Аса жайлауы туралы видео) бұйырды.

Конкурсқа қатысуға 1000-ға жуық өтінім келіп түскен, 200-ден астам видеожұмыс қабылданды. Финалға 15 видеоблогердің жұмысы өтті.

Қатысушылардың жобаларын Әлішер Елікбаев, Біржан Әшім, Луи Коулл және Мурад Османн сияқты еліміздің және шет елдердің атақты блогерлерінен тұратын әділ қазылар алқасы таңдады.



Финалға жеткен қатысушылар Қазақстандағы YouTube компаниясының ресми өкілімен келісімшартқа отырып, өз арналарының даумына қатысты мамандардың кеңестерін алады.

Бәйге шарты бойынша қатысушылар өздерінің туған қалалары немесе ауылдары туралы қысқаша видеоролик түсіруі керек. Өз туындысында туған жері туралы, оның қызықты немесе маңызды жерлері туралы баяндап, туған жерінің туристер үшін қандай қызықтары бар туралы айтып беруі қажет болатын.



Жоба Қазақстандағы Жастар жылы аясында жүзеге асырылды. Іс-шараны ұйымдастырушылар - «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және «A kind heart» қоғамдық бірлестігі. Байқауға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдау көрсетті.

Жобаның стратегиялық серіктестері қатарында «Kazakh Tourizm» ұлттық компаниясы бар.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT