Вице-премьерге 4 келілік сәлемдемелер жеткізетін дрондар көрсетілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев жұмыс сапарымен келді. Іссапар барысында вице-премьер пошта сәлемдемелерін жеткізетін заманауи дрондарды тестілеу шарасына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арнайы аппарат 200 метр биіктікке дейін көтеріліп, 15 минут шамасында сәлемдемені шартты жерге жеткізді.

Сынақтан сәтті өткен жағдайда дрондар 4 келіге жуық салмағы бар корреспонденцияларды Қазақстанның шалғай аудандарына жеткізетін болады.

«Былтыр шалғай аудандарға сәлемдеме жеткізуге мүмкіндік беретін арнайы дрондарды іске қосқан болатынбыз. Осы технологиялардың арқасында алыс ауылдарға 1600 келіге жуық газет-жорнал күнбе-күн жеткізіліп тұрды. Бұл дрондар 20000 шақырымға жуық қашықтыққа ұшып үлгерді. Енді биылдан бастап бірден 4 келі жүк көтере алатын дрондарды тестілеп жатырмыз. Жаңа дрондар бір бағытта 70 километрге дейін ұша алады», - деді «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов.
null null 

Оның айтуынша, бұрын шалғай ауылдарға сәлемдеме жеткізу үшін арнайы көлік пен жұмысшы жалдау керек болса, енді бұл шығындарға кеткен қаржыны цифрландыру бағытына жұмсауға мүмкіндік туды.
null 

Вице-министр заманауи жеткізу технологиясын жоғары бағалады.

«Бұл технологиялар «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында өте маңызды. Себебі, алыстағы тұрғындарға жаңа мерзімді басылымдардың күнбе-күн жетіп тұрғаны өте қажет. Жоба өте жақсы. Жеткізу уақытын, жол шығындарын үнемдеуге болады», -деді А. Жұмағалиев.
null 

«Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсеновтің айтуынша, әзірге Қазақстанда Алматы, Қарағанды, Ақмола, ОҚО өңірлерінен 30 ауыл сәлемдемелерді дрон арқылы алып отыр.

Жыл соңына дейін 159 елді мекенді қамту жоспарда бар.

Сонымен қатар, вице-премьер Асқар Жұмағалиев Қазпоштаның Алматыдағы цифрлық офисінде болды.

Мұнда вице-министрдің делегациясы жасанды интеллекет технологиясымен танысты.

Асқар Жұмағалиевтың төрағалығымен электронды коммерция немесе блокчейн технологиясын пайдалану туралы жиын өтпек.

Отырыс барысында ҚР Ұлттық банкінің қысқа ноттарды орналастырудың «Invest Online» бағдарламасы туралы айтылады.
null 

Соңғы жаңалықтар