Вице-премьер Жеңіс Қасымбек Солтүстік Қазақстанға келді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-на вице-премьер Жеңіс Қасымбек іссапармен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек бастаған үкіметтік делегация келді.

Петропавл әуежайынан тікұшақпен Шал ақын ауданына аттанған вице-премьер Сергеев су торабының жұмысымен таныспақ. Сондай-ақ, Қызылжар ауданындағы Новоникольское елдімекеніне соғып, "Зенченко и К" КС барады. Осы жерде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысымен танысады.

Сапар аясында Жеңіс Қасымбек Петропавлдағы су тасқыны болу қаупі бар Былғары тері зауыты және Заречный кенттерін араламақ. "Радуга" ЖШС болып, "қарапайым заттар экономикасын" дамыту перспективалары бойынша зауыт аймағында жиын өткізеді.

Соңғы жаңалықтар