Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 23 °С
Алматы: 22 °С
USD 340.27 EUR 396.31
RUB 5.39 CNY 52.39
Жаңалықтар

Вице-премьер ұлттық компания қаржысын қалай үнемдегенін айтты

2017 жылғы 7 желтоқсан 13:45 1853
Бөлісіңіз:
Вице-премьер ұлттық компания қаржысын қалай үнемдегенін айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғары технологиялар жұмыс тиімділігін арттырып, қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы «IoT Forum Astana-2017» форумында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл еліміздің барлық облыс орталығында цифрлық ХҚО ашылады Биыл Маңғыстау, Жамбыл облыстары мен Шымкент толық цифрлық хабар таратуға көшеді

«ҚазАтомӨнеркәсіпте» жұмыс істеген кезімізде уран өндіретін ұңғымаларға сәйкесінше  құрылғылар орнаттық. Аталған құрылғылар жер қыртысының химиялық элменттері, жер қойнауындағы химиялық реагенттердің көлемі туралы  ақпараттарды бізге беріп отырады және сәйкесінше қауіпсіз жағдайда уран өндіруімізді қамтамасыз етеді. Аталған ақпарат біздің ахуалдық орталыққа келіп түскеннен кейін сарапшылар дұрыс, негізді шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Бұған қоса, шығыстарымызды 10 есеге қысқарта алдық. Яғни, мұндай технологияларды енгізудің тиімділігі бар»,-  деді Асқар Жұмағалиев.

Вице-премердің пайымынша, Қазақстан кәсіпорындарында жоғары технологияларды енгізу  өндірісті автоматтандыруға еңбек өнімділігін арттыруға, қаржылық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Айта кетерлігі, Асқар Жұмағалиев 2015-2017 жылдары «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның басқарма төрағасы қызметін атқарған болатын.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Мұрағат