+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Вице-премьер Роман Скляр жұмыс сапарымен Сеулде жүр

2021 жылғы 22 қазан 18:45
Бөлісіңіз:
Вице-премьер Роман Скляр жұмыс сапарымен Сеулде жүр

СЕУЛ. ҚазАқпарат - 21 қазанда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр бастаған қазақстандық делегация кореялық ірі компаниялардың басшыларымен келіссөз жүргізу үшін жұмыс сапарымен Сеулге барды. Бұл сапар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы тамызда Корея Республикасына мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру аясында болды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Мамин ШЫҰ елдері Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді Қазақстан экспортының 51 пайызын шикі мұнай мен мұнай өнімдері құрап отыр Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

Корея Республикасының сауда, индустрия және энергетика министрі Сунг Вук Мунмен, Samsung Electronics, KIA Motors, Youngsan, LS Mtron, Doosan Heavy Industries & Construction, Simpac, Celltrion және Seegene Medical Foundation компанияларының басшыларымен келіссөз жүргізілді.

Нақты жобалар электронды және тау-кен өнеркәсібі, энергетика, медицина, автомобиль өндірісі, медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмектер салаларында талқыланды.

Сонымен қатар сапар барысында Корея халықаралық сауда қауымдастығының атқарушы вице-төрағасымен, Кореяның геологиялық зерттеулер мен минералды ресурстар институтының президентімен және Корея денсаулық сақтау саласын дамыту институтының президентімен екіжақты кездесулер өтті.

Оның барысында тараптар энергетика, тау-кен металлургия кешені, медицина және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға келісті.

Сонымен қатар Корея денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының қолдауымен денсаулық сақтау мен фармацевтика өнеркәсібінде жұмыс істейтін 20 ірі корей компаниясының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша кореялық инвесторлармен өзара әрекеттесу үшін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр бастаған арнайы жұмыс тобы құрылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT