Вице-премьер Ерұлан Жамаубаев қанша жалақы алатынын айтты
2022 жылғы 28 маусым 11:29

Вице-премьер Ерұлан Жамаубаев қанша жалақы алатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өзінің екі лауазымында қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалақымды Қаржы министрлігінен аламын және вице-премьер ретінде қосымша ақы төленеді. Шамамен жалпы жалақым 1,5 млн теңгені құрайды. Ал министр ретінде-шамамен 1,3 млн теңге», - деп жауап берді Ерұлан Жамаубаев Үкімет үйінде тілшілер сұрағына.

Сонымен бірге министр шенеуніктердің декларацияларын жариялау туралы сұраққа да жауап берді.

«Бұл мәселе де жалпы талқыланып жатыр. Біз мемлекеттік қызметшілерміз, біздің жалақымызды жақсы білесіздер. Жыл сайын декларацияны кім тапсырады – әрине, мемлекеттік қызметшілер. Біз жалпыға бірдей декларациялау жолымен келе жатырмыз және 2025 жылға қарай республикамыздың барлық азаматы өздерінің жыл сайынғы декларацияларын жариялайтын, тапсыратын кезге келеміз. Сонда барлығы белгілі болады. Мен де өз декларациямды ұсынуға дайынмын», - деді Е. Жамаубаев.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT