Вице-премьер эпидемиологиялық ахуал туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ведомствоаралық комиссияның арнайы отырысында осы сұрақтардың бәрін қарадық. Неге десеңіз, қазір дүниежүзінде 130-дан аса мемлекетте коронавирустың өсуі байқалуда. Оны өздеріңіз де көріп отырсыздар. Оның ішінде коронавирус 100 пайыз, тіпті 235 пайыз артқан елдер де бар. Сондықтан біз оның бәрін ескеруге міндеттіміз. Қазақстан бөлек жатқан ел емес, қалған елдермен қарым-қатынастамыз. Сондықтан елді сақтауымыз керек», - деді Е. Тоғжанов Үкімет кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, өңір «сары» аймаққа енетін болса, нақты бірнеше ұсынымдар беріледі. Оның ішінде ең алдымен маска тағу талабы да бар.


«Қазақстандағы соңғы бір айдағы өсудің өзі осындай шараларды қабылдауға бізді мәжбүрлеп отыр деп айтсам артық емес. Қазір тек Алматы қаласы ғана «сары» аймаққа өтті, қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта. Сондықтан шараларды алдын ала қабылдап жатырмыз. «Қызыл» аймаққа өтсек, ондағы талаптарды да өте жақсы білесіздер. Әсіресе үлкен ірі шараларды өткізуге шектеу шараларын жақсы білесіздер, оны пайдалануға міндеттіміз. Ал оған дейін өзіміз де маскада тұрмыз, бұл аурудың алдын алу үшін халыққа берілген ұсыным, бұл ұсынымды халық дұрыс қабылдайды деп ойлаймыз», - деді Ералы Тоғжанов.


Соңғы жаңалықтар