Вице-премьер екі аптада ана өлімінің алдын алу шараларын әзірлеуді тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы жылдың басынан бері елімізде 17 ана өлімі тіркелген. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласының маңызды көрсеткіштерінің кейбірі төмендегені байқалады. Мәселен, өңірлердегі ана өлімінің артуына байланысты жағдай да күнтәртібінде тұр. Осы жылдың басында ана өлімінің 17 жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп деп айтсам артық емес», - деді Үкімет басшысының орынбасары

Осы ретте Ералы Тоғжанов бұл көрсеткішті ашығын айтқанда бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің сапасына баға деп қабылдауға болатындығын баса айтты.

«Денсаулық сақтау министрлігіне жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, осу уақытқа дейін атқарылып келген шаралардың тиімділігін бағалап, 2 аптаның ішінде нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын», - деді Премьер-Министрдің орынбасары.


Соңғы жаңалықтар