Вице-премьер бірқатар шет мемлекеттің цифрландыру тәжірибесін зерттеп қайтпақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің бірқатар шет мемлекеттерге сапары жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Қайрат Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы күндері ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің цифрландыруды Қазақстан экономикасының түрлі секторларына енгізу тәжірибесін зерделеу бойынша Эстонияға сапары өтуде. Сонымен қатар экономиканы цифрландыру, ІТ-стартаптар парктерінің қызметі, экономикаға Индустрия 4.0 элементтерін енгізу және электронды мемлекеттік қызметтерді дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастықты зерделеу үшін Асқар Жұмағалиевтің Ұлыбританияға, Сингапурға, Малайзия мен Оңтүстік Кореяға сапарлары пысықталуда», - деді министр.

Оның айтуынша, сыртқы саяси ведомство жаңа технологиялар трансфертіне, сонымен қатар Қазақстан экономикасының секторларын цифрландыруға басым назар аударады.

«Мемлекет басшысының нұсқауларына сәйкес, экономиканы цифрландыру, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу, электрондық үкіметтің қызметтерін дамыту, сондай-ақ шетелдік жетекші ІТ-компанияларды Қазақстанда жұмыс істеуге, әсіресе Астана қаласындағы Халықаралық ІТ-стартаптар паркіне қатысуға тарту салаларындағы шет мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу жұмыстары жалғасып жатыр», - деді Қайрат Әбдірахманов.

Соңғы жаңалықтар