+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Вице-министр Кемелбек Ойшыбаев Түркияның ірі медиахолдингі «TRT» басшысымен кездесті

2021 жылғы 23 қазан 18:21
Бөлісіңіз:
Вице-министр Кемелбек Ойшыбаев Түркияның ірі медиахолдингі «TRT» басшысымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркі кеңесі медиафорумының жұмысы аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев Түркияның ірі мемлекеттік медиахолдингі «TRT» басшысы Мехмет Собаджимен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан мен Түркия сарапшылары өркениет пен дін мәселелерін талқылады Ерлан Тұрғымбаев Интерполдың Бас Ассамблеясы 89-шы сессиясына қатысты Түркияда мигранттар мінген автобус аударылды

Кемелбек Ойшыбаев медиа саласы мамандарын оқытуды ұйымдастыру және бірлескен контент құру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігіне назар аударды.

Өз кезегінде М.Собаджи «Қорқыт Ата» телесериалын түсіруді ұйымдастыру бойынша бірлескен жоба құруды толық зерделеуге дайын екенін білдірді. Ол бірлескен контент құру Қазақстан мен Түркия халықтарының мәдени байланыстарын дамытуға, сондай-ақ туризмді дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 22-24 қазан аралығында Ыстанбұлда Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Мажарстан мемлекеттік органдары өкілдерінің, ақпарат саласындағы басшылар мен сарапшылардың, ғалымдардың, журналистердің, блогерлер мен қоғам белсенділерінің қатысуымен Түркі Кеңесінің медиафорумы өтіп жатыр.

Форумның күн тәртібінде – түркі әлемінің даму перспективаларына, киноиндустрияға, әлеуметтік желілерге және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қатысты мәселелер тұр.

Форум жұмысына Қазақстан делегациясының құрамында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев, Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, еліміздің жетекші БАҚ басшылары: Ләззат Танысбай («Қазақстан» РТРК), Елдос Наширали (ҚазАқпарат), «Қазақфильм» АҚ президенті Ақан Сатаев, қоғам қайраткері Тоғжан Қожалиева, актриса Альмира Тұрсын және т.б. қатысады.

Форум ертең, 2021 жылдың 24 қазанында, танымал түрік тарихи сериалдары түсірілген платформаға экскурсиямен аяқталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT