+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Вице-министр түркістандықтарға АӘК алудың жаңа тетіктерін түсіндірді

2020 жылғы 10 қаңтар 06:23
Бөлісіңіз:
Вице-министр түркістандықтарға АӘК алудың жаңа тетіктерін түсіндірді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев Түркістан облысы тұрғындарына АӘК тағайындаудың жаңа тетіктерін түсіндірді. Бұл жөнінде ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасыларға әлеуметтік топтама таратылып жатыр Петропавлда АӘК алатын отбасыларға азық-түлік жиынтығы таратылып жатыр Түркістандық тоғыз балалы омарташы балдың 10 түрін өндіреді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Бәйдібек, Сарыағаш, Қазығұрт және Созақ аудандарының, Кентау және Түркістан қалаларының Халықты жұмыспен қамту орталықтарына барып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға үміткер азаматтардың құжаттарын қабылдау барысымен танысты және халыққа оны көрсетудің жаңа тәсілдерін түсіндірді.

Өңір тұрғындарымен сөйлесе отырып, Ержан Жылқыбаев 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген АӘК көрсетудің жаңа тетіктері жұмыс істеп жатқанын еске салды.

«Мемлекет басшысы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет алдына АӘК тағайындау тетігін оның ашықтығын, әділдігін және еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ету мақсатында түзету, сондай-ақ табысы аз отбасылардағы балаларға арналған кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы енгізу міндетін қойды. Мемлекеттік көмектің жаңа шаралары кешенді жүзеге асырылады және оған көпбалалы отбасыларды қолдау, жаңғыртылған атаулы әлеуметтік көмек, табысы аз отбасылардағы балаларға арналған кепілдік берілген әлеуметтік топтама кіреді», – деді вице-министр.

Көпбалалы отбасыларды қолдау 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студент балалары бар отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы төлеу есебінен қамтамасыз етілетін болады. Бұл мемлекеттік жәрдемақы отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде төленетін болады: 4 балаға – 42 496 теңге; 5 балаға – 53 127 теңге; 6 балаға – 63 757 теңге; 7 және одан да көп балаға – 74 388 теңге.

«Біз бұрын қолданыста болған шекті өлшемді сақтадық, оған сәйкес әлеуметтік көмек тағайындау үшін отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% - нан кем болуы тиіс. Отбасының барлық мүшелері үшін АӘК мөлшері жан басына шаққандағы табыс пен кедейлік шегінің арасындағы айырма ретінде айқындалатын болады. АӘК ашықтығын қамтамасыз ету үшін ол тоқсан сайын тағайындалатын болады, ал отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізу мерзімі 3 күннен 7 күнге дейін ұлғайтылады, бұл процесте учаскелік комиссиялардың рөлі күшейтіледі», – деп толықтырды вице-министр.

Кепілдік берілген әлеуметтік топтама АӘК алатын отбасылардың балаларына ұсынылатын болады. Сонымен, 1 жастан 6 жасқа дейінгі табысы аз отбасылардың балалары азық – түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп киімдерімен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ оларға мектепке дейінгі жол жүру шығындары өтелетін болады. Медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін болады.

Ержан Жылқыбаев 367 мың көпбалалы отбасы қаңтар айында жалпы сомасы 17,7 млрд теңгеге жоғарыда көрсетілген жәрдемақыны алғанын атап өтті.

Ол сондай-ақ көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыдан басқа үйде жұмыс істеу үшін де, өз ісін ашу үшін де кең мүмкіндіктер ұсынылатынын атап өтті.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қажетті өзгерістер енгізілді. Көпбалалы және табысы аз отбасы мүшелерін кәсіпкерлікке тарту үшін оларға микрокредиттер жылдық 4% - дан аспайтын пайыздық мөлшерлемемен 7 жылға дейінгі мерзімге жеңілдікті шарттармен берілетін болады. Бұдан басқа, халықтың барлық санаттары үшін мемлекеттік гранттардың бірыңғай мөлшері – 200 АЕК белгіленген. Сонымен қатар, көпбалалы және табысы аз отбасы мүшелері алдын ала оқусыз грант алуға құқылы», – деді вице-министр.

Ержан Жылқыбаев, сондай-ақ, азаматтарға АӘК тағайындау үшін құжаттарды тапсыруға үлгермейтіні жөнінде алаңдаудың қажеті жоқ екенін баса айтты. Азаматтардың өтініштері ХЖҚО мен әкімдіктер жанындағы жұмыспен қамту бөлімдерінде қаңтар айының соңына дейін қабылданады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше вице-министр Шымкент қаласында атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға үміткер азаматтардың құжатын қабылдау барысымен танысты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT