Вице-министр Төмен байытылған уран банкінің жұмысы туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Қазақстанда Төмен байытылған уран банкін іске қосудың мерзімі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің Төмен байытылған уран банкін Қазақстанда орналастыру жобасын іске асыру бойынша ҚР Энергетика министрлігі мен халықаралық агенттік арасында техникалық келісім аясында қабылданған нақты шаралар жоспарға сәйкес жалғасуда. Қазіргі уақытта бірлескен үйлестіру комитетінің 8 отырысы өткізілді. Атап айтқанда, тиісті іс-шаралардң барлығы орындалды, банктерді сақтауға арналған жаңа ғимарат салынды», - деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, МАГАТЭ-нің арқасында тиісті тендер өткізілді.

«Тендер өткізіліп, 90 тонна уран сатып алынуда. Сонымен қатар, бұл тендерге «Қазатомөнеркәсіп» қатысып, компания 42 тоннасын береді. Осы жылдың тамыз айында банктің іске қосылуына соңғы тексеру өткізіледі», - деді Әсет Мағауов.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан Үкіметінің қаулысымен елімізде МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран банкін «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-да орналастыру туралы келісімге қол қоюды мақұлдаған болатын. Сол жылдың 27 тамызында келісімге Қазақстан тарапынан Ерлан Ыдырсов пен МАГАТЭ-нің бас директоры Юкия Амано қол қойған еді.

Үлбі металлургиялық зауыты қоймасында МАГАТЭ-нің 90 тонна төмен байытылған ураны сақталанатын болады.

Соңғы жаңалықтар