+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

Вице-министр: Тек сапалы өнім ғана сұранысқа ие

2019 жылғы 11 желтоқсан 13:14
Бөлісіңіз:
Вице-министр: Тек сапалы өнім ғана сұранысқа ие

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлының айтуынша, Үкімет жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындарға барынша қолдау көрсетіп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, жеңіл өнеркәсіп – біз үшін өте маңызды сала. Үкімет барынша қолдау білдіріп отыр. Қазір жеңіл өнеркәсіптің 10 пайыздық көлемі экспортқа шығарылып жатыр. Бұл өте төмен көрсеткіш. Екіншіден, ол экспорт әлеуетінің зор екенін де айғақтай түседі. Біз ең алдымен, өнімнің сапасына баса назар аударуымыз керек. Тек сапалы өнім ғана ел ішінде емес, шетелде де сұранысқа ие болары анық», - деді вице-министр Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп саласы өндірушілерінің отандық жиынында.

Азамат Асқарұлының айтуына қарағанда, Қазақстан үшін Қытай мен Ресей негізгі экспорттық нарық болып саналады.

«Министрлік біздің экспортты қолдау бағытында қажетті құралдарға ие. Ең алдымен, экспортерлардың шығынын жабылып отырады. Бүгінгі күні эксортқа шығатын шағын бизнес шығынының 60 пайызын мемлекет жауып отыр. Оның үстіне шетелде сауда сөрелерін алып беру, филиалдарды ұстау, тауарларды сертификаттау ісінде де едәуір көмек көрсетіледі. Қазір жеңіл өнеркәсіп саласындағы 30 кәсіпорын – экспортаушы кәсіпорындар. Олардың 11-і мемлекеттің қолдауын алған», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT