Вице-министр спортты қаржыландыру тетігі қалай жұмыс істейтінін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов елімізде спорт түрлерін қаржыландыру тетігі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Спорт түрлерінен бюджет қаражатының ашықтығы мен оны теңгерімді бөлуді қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылы заңнамаға спорт түрлерін саралау түсінігі енгізілді. Ережеге сәйкес жүргізілген саралау рәсімдері нәтижесі бойынша алдағы екі жылға спорттың басымдықты тізбесі бекітіледі», - деп тоқталды вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, аталған тізбе спорт түрлеріне қаражатты бөлу кезінде негіз болады.

«Саралау көрсеткіштерін айқындаудың негізгі критерилеріне жарыстарда тиісті спорт түрі бойынша спортшылардың жетістіктері, материалдық-техникалық базаның болуы, өңірдің климаттық жағдайына спорт түрлері ерекшеліктерінің арақатынасы жатады. Осының нәтижесінде спорт түрлері негізгі үш топқа бөлінеді. Біріншісі – дамыған спорт түрлері, екіншісі – жоғары әлеуетке ие спорт түрлері, үшіншісі – дамудың төмен әлеуетіне ие спорт түрлері. Осы арқылы, қазіргі кезде спортты қаржыландырудың моделі әзірленді. Бұл өз кезегінде республикалық деңгейде қаражатты объективті бөлуге кепілдік береді», - деді спикер.


Соңғы жаңалықтар