Вице-министр Роман Скляр қазақ тілінде таза сөйлеуді қалай үйренді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша есеп берді. Вице-министр өз баяндамасын толығымен қазақ тілінде жасады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, биыл бағдарлама аясында 12,1 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Бюджет есебінен 22 мыңнан астам пәтер салынады. Ол, шамамен, 1,3 млн шаршы метр.

«Осы жылдың бес айында тұрғын үйдің ең көп көлемі Астана, Алматы қалаларында және Маңғыстау облысында енгізілді. Құрылыс қарқыны Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында байқалды. Сонымен қатар, төрт өңірде тұрғын үйлерді енгізу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда төмендеді. Ол - Астана, Алматы қалалары, Қызылорда мен Павлодар облыстары. 2018 жылы бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджетте 148,6 млрд теңге қарастырылған», - деді Р.Скляр.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар үшін 3 470 пәтер салынады. Барлық үйлер арзан бағамен жалға беріледі. Соңғы бес айдың ішінде 434 пәтер пайдалануға берілді. Дәл осы санаттағы үйлерді салу жағынан Қызылорда мен Павлодар бюджет қаржысын баяу игеріп жатыр. Жалпы, жалға берілетін пәтерлердің құрылысына 26,9 млрд теңге қарастырылған. Ал тұрғын-үй жинақ жүйесі бойынша 141 нысанның құрылысы жоспарланып отыр. Оған бюджеттен 100,9 млрд теңге бөлінеді. Сондай-ақ, 40 мың жер учаскесіне инженерлік коммуникациялар тартылады. Соның арқасында жеке тұрғын үй құрылысы дамиды.

«Жер учаскелерін инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етудің басым бөлігі Ақтөбе, Алматы, Қызылорда мен Қарағанды облыстарында жүзеге асырылады. Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін беру бойынша Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жобалар жоқ», - деді Р.Скляр.

Үкімет отырысынан кейін ҚазАқпарат тілшісіне сұxбат берген вице-министр қазақ тілін қалай үйренгенін айтып берді. Р.Скляр репетиторлық қызметке де жүгінбейді.

«Мен алты жасымда ауылда тұрғанмын. Жарты жылдай ауылда болдым. Содан қалған болуы керек. Жеке репетиторым жоқ. Оған уақыт табу да қиын», - дейді Р.Скляр.

Соңғы жаңалықтар