Вице-министр: Қашықтан оқыту бүгінгі эпидахуалға байланысты екендігін қайталап айтамын

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мектептердегі білім беру процесін дәстүрлі форматқа көшіру Бас мемлекеттік санитар дәрігердің шешімімен қабылданады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қашықтан оқытудың өзі бүгінгі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты екендігін тағы да бір атап өткім келеді. Әрине, санитарлық жағдай ескеріліп, ол жақсарған сайын Бас санитар дәрігердің шешімімен мектептерді штаттық режимде жұмыс істеуге қайтару бойынша шаралар қабылданатын болады. Осыған қатысты министрліктің бірнеше ұстанымы бар. Ол ұстанымдарымызды тиісті, бейінді министрлікке ұсындық. Бұл мәселе бойынша жұмыс топтарымен күнделікті байланыстамыз және оны шешу жолдарына қатысты жұмысымызды жалғастырудамыз», - деді вице-министр бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, мектептердегі білім беру процесін дәстүрлі форматқа көшіру Бас мемлекеттік санитар дәрігердің шешімімен қабылданады.

«Әрине, біз өз тарапымыздан осы мәселеге қатысты ұсыныстарымызды береміз», - деді Шолпан Каринова.


Соңғы жаңалықтар