Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 10 °С
Алматы: 9 °С
USD 327.42 EUR 383.51
RUB 5.29 CNY 51.26
Жаңалықтар

Вице-министр білім саласына қатысты тараған қауесеттерге жауап берді

2018 жылғы 31 қаңтар 16:52 2158
Бөлісіңіз:
Вице-министр білім саласына қатысты тараған қауесеттерге жауап берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жоғары оқу орындары саны тым көп деген пікірлер негізсіз. Бұл туралы жоғары білім беру жүйесін дамыту тақырыбындағы дөңгелек үстелде Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да мектеп бітірушілердің «Туған жерге тағзым!» шарасы өтті Шанхайда «Болашақ » бағдарламасы бойынша оқитын студенттер саны артады

«Біздің қоғамда білімге қатысты түрлі аңыздар айтылып жүр. Қазақстанда жоғары оқу орындары тым көп деген пікірлер жиі кездеседі. Бізде қазіргі кезде 130 ЖОО бар. Егер де халықтың жан басына шақсақ әрі жалпы көлемге назар аударсақ, онда Францияда 500-ден астам, АҚШ-та 5 мыңға жуық, ал бізде 130. Бұл тұрғыда абсалюттік көрсеткіштерге емес,   халыққа шаққандағы коэффициентке қараған абзал. Осы орайда бізде жоғары оқу орындары соншалықты көп емес екенін байқаймыз.   Негізі, мәселенің мәні санда емес, сапада екенін түсіну керек», - деді Асхат Аймағамбетов.

Бұдан кейін ол еліміздегі студенттер санына қатысты айтылып жүрген қауесеттерге тоқталды.

«Тағы біреулер бізде студенттер тым көп екенін алға тартуда. Шындығында, еліміздегі студенттер саны Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерімен салыстырғанда бірнеше аз. Керісінше бүгінде бізге осы бағытты дамыту керектігін айтудамыз», - деп ойын білдірді вице-министр.

Сонымен қатар ол қазіргі кезде білім саласына шамадан артық қаржы бөлініп жатқандығы қоғамда сөз болғандығына тоқталды.

«Нақтырақ айтқанда, қаржы жалпы ішкі өнімнен 3 пайыздан сәл астам деңгейде бөлінуде. Ал егер жоғары білімге тоқталсақ, онда оның үлесі айтарлықтай төмен. Сондықтан қоғамда көтеріліп жүрген негізгі мәселелерді білеміз және сол бағыттарда жұмыстарды жалғастырудамыз», - деді министрдің орынбасары.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат