Вице-министр биатлоншылармен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысуы ықтимал кандидаттармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, кездесу барысында  биатлоншылар  төртжылдықтың басты додасына дайындықтары туралы айтып берді. Өз кезегінде вице-министр бүгінгі таңда команда барлық қажетті материалдық-техникалық құралдармен жабдықталғанын, сонымен қатар құрал-саймандардың даярлығын тексеру үшін Германияда жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

Сөз соңында вице-министр биатлоншыларға алдағы Әлем кубогі кезеңдерінде жоғары деңгейде өнер көрсетулерін және Олимпиадаға жолдама алған спортшыларға сәттілік тілеген.

null 

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық биатлоншылар бүгінде көптеген халықаралық жарыстарда жоғары деңгейде өнер көрсетуде. Атап айтқанда, 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадада спортшыларымыз 8 медаль иеленсе, оның 3-еуі алтын, 3-еуі күміс, 2-еуі қола медаль. Саппорода өткен Азия ойындарында да отандық спортшылар 12 медальға (6 алтын, 4 күміс, 2 қола) қол жеткізді.  Мұнан бөлек, қазақстандық биатлоншылар 2018 жылы өтетін қысқы олимпиадаға алдын ала 10 лицензия жеңіп алды.  Өткен маусымдағы Әлем чемпионаты мен Ұлт кубогында қазақстандық әйелдер құрамасы ең мықты 10 команданың құрамына енсе, ұлттық құрама ТОП-15-ке кірді. Сондай-ақ биатлоннан ұлттық команда Олимпиадағы даярлықтарын шыңдау үшін 11 қараша мен 8 қаңтар аралығында Әлем кубогы мен IBU кубогінің кезеңіне қатысады.

null 

Айта кетейік,  2018 жылдың 9-25 ақпаны аралығында Кореяның Пхенчхан қаласында XXIII қысқы олимпиада ойындары өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар