Вице-министр Анатолий Шкарупамен бірге тағы екі адам тұтқындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ТКШ дамыту қоры» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Қайсар Байдалы мен «ENERCO» ЖШС директоры Ерлан Нәбиев тұтқындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас прокуратура соттың санкциясымен энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаны, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту қоры» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы міндетін атқарушы Қайсар Байдалыны және «ENERCO» ЖШС директоры Ерлан Нәбиевті тұтқындады.

Олар Қарағанды облысының Саран қаласына жылу есептеуіш аспаптарды сатып алып, орнату үшін «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту қоры» акционерлік қоғамына бюджеттен бөлінген қаражаттарды жымқырды деген күдікке іліккен. Саран қаласында жылу трассасы мен орталық қазандық жоқ болса да, Қор «ENERCO» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 215 миллион теңге қаражатты заңсыз аударған. Жымқырылған қаражаттар жалған кәсіпорын арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, қылмыс қатысушыларының арасында бөлінген.

Еске сала кетейік, бұған дейін энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаның екі айға қамалғаны хабарланған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар