Вице-министр Абылайхан Оспанов қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Абылайхан Есенұлы Оспанов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Абылайхан Оспанов 1986 жылы 16 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Әр жылдары «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабында, түрлі коммерциялық ұйымдарда, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ішкі істер, байланыс және ақпарат, көлік және коммуникациялар, инвестициялар және даму министрліктерінде, ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінде, «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының қабылдауында, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ жұмыс істеді.
2017-2019 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басқарма төрағасы болды.
- Бағдат Мусин Шымкент қаласын цифрландыру барысымен танысты
- Бағдат Мусин: Ауылда сапалы байланыс болмайынша операторларға айыппұл сала береміз
- Түркістан облысының ауылындағы интернет сапасына байланысты операторға айыппұл салынады
- Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды
-
Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстанның Мароккодағы Елшісі болып тағайындалды
-
Ashyq қосымшасындағы қазақстандықтардың жеке мәліметтерін кім көре алады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам