VI Паралимпиада ойындарының ашылуында қазақстандық спортшылар салтанатты шеруде жүріп өтті

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Дәл қазір Жапония астанасы Токио қаласында VI Паралимпиада ойындарының ашылуында қазақстандық спортшылар салтанатты шеруде жүріп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты рәсімде еліміздің туын пара таеквондошы Нұрлан Домбаев пен пара пауэрлифтинг шебері Раушан Қойшыбаева ұстап шықты.

Айта кетсек, алғашқы Паралимпиада ойындары 1960 жылы Италияның астанасы Римде өтті. Ойындар 18 қыркүйекте «АкваАцетос» стадионында ашылды.

Қазақсстандық спортшылар 1996 жылдан бері Жазғы Паралимпиада ойындарына қатысып келеді. Сол жылы Атлантада (АҚШ) - 12 спортшы бақ сынаса, одан кейін 2000 жылы Сиднейде (Австралия) - 2, 2004 жылы Афинада (Грекия) - 8, 2008 жылы Бейжіңде (Қытай) 3, 2012 жылы Лондонда (Англия) - 7, Рио де Жанейрода (Бразилия) 10 отандасымыз ел намысын қорғады.

Биыл олардың қатары 25 спортшыға жетіп отыр. Қазақстандық спортшылар Токиода спорттың 7 түрінен сынға түседі.

Токио Олимпиадасында жарысқа қатысатын қазақстандықтар спортшылар тізімі:

Пара жүзу - Сиязбек Далиев, Нұрәли Советханов, Зүлфия Ғабидулина, Роман Агалаков, Әлия Рахымбекова, Нұрдәулет Жұмағали, Ержан Сәлімгереев;

Пара дзюдо - Аманжол Жанбота, Зарина Байбатина, Дәулет Теміржан, Даяна Федосова, Әнуар Сариев, Ғалымжан Смағұлұлы, Ерлан Утепов;

Пара пауэрлифтинг - Давид Дегтерев, Раушан Қойшыбаева, Рахмеджан Хамаев, Гүлбану Абдыхалыкова, Алина Солодухина;

Пара таеквондо – Нұрлан Домбаев, Нышан Өмірәлі, Кәмила Досмалова;

Пара жеңіл атлетика - Дастан Мұқашбеков, Салтанат Әбілхасымқызы;

Пара каноэ – Спатай Бибарыс;

Пара нысана ату – Айсұлу Жұмабаева.

Токио Паралимпиада ойындарында дүние жүзінің 136 мемлекетінен келген 4400-ге жуық спортшы 22 спорт түрінен сынға түседі.


Соңғы жаңалықтар