Ветеринарлық препараттарды жеткізуші блокпосттардан заңсыз адам өткізген

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында блокпост арқылы заңсыз адам тасымалдап жүрген жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 12 сәуірде полиция қызметкерлері кезекшілік кезінде «Степногор-Ақкөл» тасжолындағы №1 блокпостта «Mersedes Benz – 300E» көлігін тоқтатқан.

Белгілі болғандай, заң бұзушыға «Өнеркәсіптік биосинтездің ғылыми-зерттеу институты» ЖШС тарапынан облыс орталығына, сондай-ақ Ақмола облысының аудандары мен қалаларына кіріп-шығуға рұқсат берілген. Рұқсат құжатында жүргізушінің ветеринарлық препараттарды жеткізіп берумен айналысады деп көрсетілген.

Бірақ тәртіп сақшылары оның «Indriver» мобильдік қосымшасы арқылы тапсырыс қабылдап, заңсыз адамдарды тасымалдаумен айналысқанын анықтады.

Жүргізуші барлығы 4 адамды тасымалдап үлгерген. Әрбір рейс үшін 20 мың сұраған.

«Заңбұзушының үстінен ҚР ӘҚбК 476-бабының 1-бөлігі (төтенше жағдай режимін бұзу) және ҚР ӘҚбК 463-бабының 1-бөлігі (кәсіпкерлік қызметпен айналысу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды»,- дейді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар