Ветеринарларға планшеттер беріледі - Бағдат Мусин

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Фермерлердің шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін жүйе іске қосылды. Бұл туралы Үкімет отырысында технологиялық серпіліс ұлттық жобасын талқылау кезінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл шаруашылығы саласына тоқталсақ, 1 шілдеден бастап субсидиялаудың жүйесі іске қосылды. Мұнда фермерлерге қажетті мемлекеттік қолдау жөніндегі барлық ақпарат жиналған. Бұл фермерлерге шығындарды 30 пайызға қысқартуға, жалпы құжаттармен әуре-сарсаңды қысқартуға мүмкіндік береді. «Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің мобильдік қосымшасы» құрылды», - деді Б. Мусин.

Оның айтуынша, жол полициясы қызметкерлеріне берілгендей, ветеринар қызметкерлерге де планшеттер берілетін болады.

«Шалғай аудандардағы фермерлердің жүйеде тіпті интернетсіз де жұмыс істеуіне мүмкіндік жасаймыз», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Бағдат Мусин мемлекеттік қызметшілерге планшеттер таратылып жатқанын айтты.



Соңғы жаңалықтар