+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Ветеринариялық препараттың 60 пайызы отандық өндіріске тиесілі

2020 жылғы 20 қазан 09:26
Бөлісіңіз:
Ветеринариялық препараттың 60 пайызы отандық өндіріске тиесілі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 148 млн доза вакцина қамтылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сайрамдық кәсіпкерлердің өнімдеріне шетелдіктер де қызығушылық танытуда Түркістан облысында жаңбырлатып суаратын техника шығарылады Қызылордада аграрлық салада экспортқа шыққан тауардың 98 пайызы - қайта өңделген өнімдер

«Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы профилактикалық іс-шаралардан (вакциналау және диагностикалау) тұратын ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуде. Ағымдағы жылғы 9 айда ғана жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларына қарсы 122,2 млн манипуляция жүргізілді, бұл 9 айдағы жоспардың 100,9 пайызын құрайды. Вакциналау жүргізу үшін 7,1 млрд теңге сомасына 148,2 млн доза вакцина сатып алынды. Бұл ретте, ветеринариялық препараттың шамамен 60 пайызы отандық өндіріске тиесілі», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, ел аумағына таралуы үлкен қауіп төндіріп тұрған аса қауіпті аурулар тізбесіне 68 ауру түрі енгізілді.

«Олардың 45 түрі бойынша Қазақстанда эпизоотиялық ахуал саламатты, 23 түрі бойынша диагностикалау және вакциналау бойынша арнайы ветеринариялық-профилактикалық шаралар жүргізіліп жатыр.

Биыл өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда жануарлардың аса қауіпті бірқатар ауруларының таралуы бәсеңдеді.

Сібір жарасы мен Ньюкасл ауруы бойынша эпизоотиялық ахуал саламатты болып қалып отыр», - деді С. Омаров.

2019 жылмен салыстырғанда бруцеллез бойынша ошақтардың азайғаны байқалады. Өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда республика аумағында құтырма ауруы бойынша жануарлардың аса қауіпті аурулары ошақтарының көбейгені тіркелген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT