Ветеринария саласын жетілдіруге мүмкіндік беретін нормалар бекітілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Цифрландыру процесі бүгінгі күні әлемнің барлық елдерінде дамыған. Бұл ретте, Қазақстанда да жаһандық цифрлық экономикада өз орны болуы қажет. Осы тұрғыда экономика салаларын цифрландыру, соның ішінде мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру - еліміздің басым міндеттерінің біріне айналды. Заң жобасы ветеринария саласындағы заңнаманы жетілдіруге және еліміздің ветеринариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған», - деді сенатор Мұхтар Жұмағазиев.

Оның айтуынша, заң жобасында қаралып отырған мәселелер ветеринариялық паспорттарды электрондық нысанында беру мүмкіндігін, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға бақылау және қадағалау жүргізу кезінде техникалық құралдарын пайдалану құқығын іске асырады, ЕАЭО шекарасында кеден органдары мен ветеринариялық инспекторлардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.

«Заң жобасы оның бастамашылары, мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен мұқият қаралды. Тұжырымдамасы бойынша тұрақты комитеттер мен Аппараттың тиісті бөлімдерінен ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ», - деді депутат.


Соңғы жаңалықтар