Ветеринария саласын дамытпай, ет экспорты туралы айту ерте - Мемлекет басшысы

None
None
ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Аграрлық саланың сапалы мамандарын даярлау қажет. Өйткені, ветеринарлық қызметті дұрыс жолға қоя алмасақ, ет экспорты туралы айтуға да болмайды.

Бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық форумы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Бүгінгі күні 43 ветеринарлық зертханалардың құрылысы жүргізілуде. Алдағы жылы тағы 63 зертхана салынады. Ал бұл нысандарда, жаңа қондырғыларда кім жұмыс істейді? Соны ойландыңдар ма? Қондырғыны сатып алу барысында біздің мамандарды да оқыту керек. Сапалы ветеринариясыз ешқандай да ет экспорты болмақ емес», - деп шегелеп айтты Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Елбасы өнім сапасының Еуропа стандартына жауап беруі тиістігін көтере келе, ветеринария саласындағы игі дәстүрлерден алшақтап кеткенімізді алға тартты. «Ветеринарлық қызметті дұрыс жолға қоя алмасақ, ет экспорты туралы айтуға да болмайды. Барлық қазақстандық мал шаруашылығымен айналысушылар осыны есте сақтаулары керек», - деді Н. Назарбаев. Осыған орай Елбасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Білім және ғылым министрлігіне бұл мәселені қарастырып, тиісті шаралар қабылдауды жүктеді. «Болашақ» бағдарламасы бойынша аграрлық сала мамандарын шетелге оқытуға квотаны кеңейту қажеттігін де атап өтті Елбасы.

Соңғы жаңалықтар