USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

«Ветеринария» мамандығын бітіргендердің  қанша пайызы жұмысқа орналасты

2021 жылғы 3 желтоқсан 13:09
Бөлісіңіз:
«Ветеринария» мамандығын бітіргендердің  қанша пайызы жұмысқа орналасты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік үш аграрлық жоғары оқу орындарын биыл «ветеринария» мамандығы бойынша оқып шыққандардың 35 пайызы ғана жұмысқа орналасты. Бұл туралы Сенаттағы парламенттік тыңдауда депутат Мұхтар Жұмағазиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда биыл кем дегенде 50 мың жұмыс орнын ашу міндеті тұр - Мақсат Қиқымов ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына карантин мерзімі бойынша өзгерістер енгізілді Мектептегі каникулдардың мерзімі бекітілді

«Жоғарыда аталған өзекті мәселелер негізінен қадр саясатына байланысты. Бүгінгі күні Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша тек қана ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекцияларында ваканттық орындарының саны - 309. Ал ауыл шаруашылық тауар өндірушілері бойынша министрлікте ақпарат мүлдем жоқ деуге болады. Мысалға, мемлекеттік үш аграрлық жоғары оқу орындарын биыл «ветеринария» мамандығы бойынша 771 адам оқып шыққан. Олардың ішінде жұмысқа орналасқаны 267 немесе 35 % құрайды, ал қалғандары жұмыссыз немесе басқа жұмысқа орналасқан», - деді М. Жұмағазиев «Ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары» тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда.

Осы орайда ол агороөнеркәсіптік кешен саласындағы білікті кадрлардың тапшылығы өзекті болып отырғанын атап өтті.

«Демек, елімізде сенімді ветеринариялық, биологиялық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі деп айта алмаймыз», - деді сенатор.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мұхтар Жұмағазиев жеке көтерме-тарату орталықтары өз жұмысы барысында бірқатар қиыншылықтарға тап болғанын айтты.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT