Ветеринар айлығының заңмен бекітілген мөлшері белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр еліміздегі ветеринар мамандардың айлығы қанша болу керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжіліс өкілдерінің депутаттық сауалына берген жауабында Роман Скляр биыл ветеринарларды дайындау бойынша 1 047 грант бөлінгенін атаған.

«Аудандық ветеринариялық станциялар мамандарының орташа ай сайынғы еңбекақысы жоғары білімді ветеринариялық дәрігерде зейнетақы жарнасын және салық аударымдарын шегермегенде 117,0 мың теңгені құрайды. Ал орта білімді ветеринариялық фельдшерде – 87,0 мың теңгені, ветеринариялық пунктегі ветеринариялық дәрігерде – 94,0 мың теңгені, ветеринариялық фельдшерлерде – 89,0 мың теңгені құрайды. Бұл ретте Ұйым ветеринария саласында ақылы негізде қызмет көрсете алады. Мұндай жұмыстарды жүргізуден алынған табыс қызметкерлерге еңбек ақы төлеуге және оларға сыйлықақы беруге де пайдаланылуы мүмкін. Ұйымды қаржыландырудың негізгі көзі ветеринария саласындағы функцияларды орындауға бюджеттен көзделген қаражат болып табылады», - делінген вице-премьердің жауабында.

Сондай-ақ, вице-Премьер бруцеллезге қарсы рұқсат етілген вакциналар тізімін қайдан табуға болатынын айтты. Оның айтуынша, халықтың қолындағы малға 5 0 млн гектар жайылым керек.


Соңғы жаңалықтар