«Вест Хэм Юнайтед» футболдан UEFA Конференция лигасының жеңімпазы болды

Фото: Фото : Пресс-служба УЕФА
АСТАНА. ҚазАқпарат - Англияның «Вест Хэм Юнайтед» командасы футболдан UEFA Конференция лигасының жеңімпазы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағылшындық клуб финалда Италияның «Фиорентина» клубымен шеберлік байқасты.

Кездесу барысында олар қарсылас команданы 2:1 есебімен жеңді. Алдымен олардың қатарынан Мохамед Саид Бенрахма 62-минутта пенальтиден есеп ашты.

Ойынның 67-минутында «Фиорентина» ойыншысы Джакомо Бонавентура таразы басын теңестірді. Ал 90-минутта «Вест Хэм Юнайтед» сапынан Джаррод Боуэн өз командасына жеңіс сыйлады.

Осылайша «Вест Хэм Юнайтед» аталған турнирдің жеңімпазы атанды.

Енді 10-нан 11-не қараған түні UEFA Чемпиондар лигасы финалы өтеді.

Ал испаниялық «Севилья» UEFA Еуропа лигасының жеңімпазы болды.


Соңғы жаңалықтар