Венгриядағы халықаралық турнирде бес қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Венгрияның Дебрецен қаласында өтіп жатқан бокстан Иштван Боскай атындағы халықаралық турнирде жартылай финалға жолдама алған боксшылар белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Атап айтар болсақ, 52 келідегі Сәкен Бибосынов таиландтық қарсыласын жеңіп, турнирдің жартылай финалына өтті.

56 келідегі Оразбек Асылқұлов тағы бір таиландтық спортшы Аммарид Яаддамнан басым түсті.

60 келідегі Серік Теміржанов ресейлік Шахриер Ахмедовтен мықтылығын дәлелдеп, дәстүрлі турнирдің жартылай финалына жетті.

64 келідегі Сабыржан Бекбергенов пен молдовалық Дмитрий Галагот арасындағы жекпе-жек те біздің спортшының жеңісімен аяқталды.

75 келідегі Тұрсынбай Құлахмет ресейлік Вадим Туковты жеңді.

Еске сала кетейік, Венгриядағы турнирде Қазақстан сапынан әзірге бір боксшы жеңілді. Ол аса ауыр салмақтағы Нұрлан Сапарбай.

Соңғы жаңалықтар