Венгрияда синхронды жүзуден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы топ жарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Венгрия астанасы Будапештте синхронды жүзуден өткен халықаралық турнирде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы топ жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі хабарлауынша, жарысқа Словения, Чехия, Польша, Венгрия мен Қазақстаннан 300-ге жуық спортшы қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша, 13-15 жас аралығында жасөспірімдер арасында қазақстандықтар бірінші орынды жеңіп алды.

Атап айтар болсақ, жекелей сында Арина Мясникова бірінші, Этери Какутиа екінші сатыдан көрінді.

Арина Мясникова мен Наргиза Болатова жұптық сында топ жарды.

Сондай-ақ, топтық жаттығуда да біздің құрама биіктен көрінді. А. Мясникова, Н. Болатова, Э. Какутиа, К. Шаматульская, К. Макарова, Е. Лепихова, Д. Валиулина, Э. Пашковсквя, В. Михальченко, Я. Шевченко, Ю. Рогалева, А. Павлецова топтасып жаттығудан ешкімгі тізгінді берген жоқ.

Соңғы жаңалықтар