Jańalyqtar
Венгрия жоғары оқу орындары қазақстандықтарға 250 оқу грантын бөлді
2018 жылғы 30 қараша 08:20
Бөлісіңіз:

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Венгрияның адам ресурстарын қорғау министрлігі арасындағы 2013 жылғы 19 қарашасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Венгрия Үкіметі Қазақстан азаматтарына 2019-2020 оқу жылына арналған «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасына қатысуға мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚазАқпарат «Болашақтың» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Осы бағдарлама аясында Венгриянын тарапынан Қазақстан азаматтарына келесі бағдарламаларға 250 грант бөлінген:
- бакалавриат бағдарламасы бойынша 110 орын (өнер, гуманитарлық, ауыл шаруашылығы, техникалық ғылымдар)
- магистратура бағдарламасы бойынша 90 орын (техникалық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, өнер)
- бакалавриат және магистратураның бірлескен бағдарламасы бойынша 5-тен 6 жылға дейін оқу мерзімімен 30 орын (жалпы медицина, фармацевтика, стоматология, архитектура, заң, ветеринарлық хирургия, ауылшаруашылық саласындағы инженерия, сәулет саласындағы инженер)
- докторлық бағдарлама бойынша 20 орын (барлық бағытта)
Гранттар бойынша ақпарат төмендегі сілтемеде.
Мамандықтардың тізімін осы жерден көре аласыз (сайтта Annex 1 тандау қажет).
Грант келесі шығындарды қамтиды:
- тегін оқу;
- бакалавриат пен магистратура бойынша ай сайынғы стипендия - 130 еуро, докторантура - 450-580 еуро;
- жатақханада тұру (немесе айына 130 еуро мөлшерінде жалға берілетін тұрғын үйді төлеу);
- медициналық сақтандыру.
Бағдарлама туралы толықырақ мына жерден оқуға болады.
Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Жамбыл облысындағы 222 мектеп оқушыларды қашықтан оқытуда
- Қостанай облысында 5-11 сынып оқушылары қашықтан білім алады
- Қызылордалық оқушы қала көшесін жарықтандырудың тиімді тәсілін тапты
- Атырауда мектеп оқушысы тамшылатып суару қондырғысын жасап шығарды
-
Қазақстанда төменгі сынып оқушыларының 56% үйірмеге бармайды – зерттеу
-
Алматы облысында қашықтан оқыған 300 оқушыдан коронавирус анықталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER